Елордада «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өтті

«Жасыл ел» сарбаздары «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында елордалық 84 жастағы ардагер Иван Николевичтің үйін ақтап бояп берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға 15-тен астам волонтер қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай акциялар үнемі өткізіліп тұрады.

«Елорда күніне орай ардагерлерімізге көмектесеміз деген ойға тоқталдық. Оны Иван Николаевичтен бастап отырмыз. Ол кісі жалғыз тұрады, көзі де нашар көреді. Үйінің аумағында күзге дайындық жұмыстарын жүргіздік. Ауласын арам шөптен тазартып, қабырғаларын ақтап, боядық. Ал қыздарымыз үйінің ішін тазалап шықты. Ардагерлерімізге ары қарай да көмектесіп тұрамыз. Қыста ол кісілерге көмір түсіріп, азық-түлігін жеткізіп тұрдық. Сол сияқты үйінің айналасының қарын күредік», - деді «Жасыл Ел» жобасы жетекшісінің орынбасары Асылбек Әбдірашитов.