Елорда болашақта қандай болады?

Елбасы ұлттық арнаға берген сұхбатында осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрсұлтан Назарбаев арқа төсіндегі шаһар әлемдегі ең озық 600 қаланың қатарына қосылу керек деді.

Биыл елордада 3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Ал келер жылдан бастап қалаға газ тартылады. Сөйтіп, шаһар қою қошқыл түтіннен арылады.