423,92 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда шектеу шаралары күшейтілді

  • 162
  • UPD: 18:00, 07.07.2021

Түркістанда бұқаралық және отбасылық іс-шараларды, сондай-ақ көпшілік жиналатын қоғамдық орындар мен үй жағдайында жиын-той өткізуге тыйым салынады.

Бұл туралы облыстың мемлекеттік санитариялық бас дәрігерінің орынбасары Асқар Ысқақов хабарлады. Жаңа қаулысына сәйкес, өңірде карантин мен шектеу шаралары күшейтілді. Мәселен, ойын-сауық нысандары, түнгі клуб, караоке, букмекерлік кеңселер, жабық ғимараттағы балалар алаңдары, батут пен аттракциондардың қызметіне тыйым салынды. Ashyq жобасына қосылмаған мәдениет нысандары, театр, кинотеатр, концерт залдары мен бильярд, компьютерлік клубтар мен банкет залдарының да жұмысы тоқтатылды. Базарлар мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына да шектеу қойылды.

Асқар Ысқақов, облыстық бас санитариялық дәрігердің орынбасары:

- Сенбі, жексенбі күндері жабық базарлардың жұмысына тыйым салынды. Ал ашық базарлардың қызметіне жексенбі күні тыйым салынды. Қоғамдық тамақтану орындарының қызметі ашық жобасына қатыспаған жағдайда жұмыс күндері 30% толымдылықпен, 30 орыннан асырмай, таңғы 9-дан кешкі 20:00-ге дейін сенбі-жексенбі күндері жұмысы тоқтатылады. Толық вакцина алған, соңғы 3 айда ковидпен ауырған қызметкерлерге мекемеде жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Екпе алмағандар 7 күнде бір рет ПТР тест тапсыруға міндетті.

Хабар 24 телеарнасы