Елімізде жедел-тергеу топтарының құрамына тергеуші әйелдер енгізілді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әлімізде әйелдер мен балаларға қарсы жасалған қылмыстарды зерттейтін топтардың құрамына арнайы тергеуші әйелдерді енгізуді тапсырған болатын.

«Бұл жәбірленушіге қарсы теріс және жөнсіз әрекеттердің алдын алуға мүмкін береді», – деген болатын Тоқаев.

Осыған байланысты полиция департаментерінде тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылды. Олардың құрамына тергеуші әйелдер енгізілді.

Сонымен қатар әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстарды ашу және тергеу жөніндегі осындай топтардың жұмысын ұйымдастыру туралы ереже бекітілді.

Жеке адамдарға қарсы қылмыстарды тергеу жөніндегі қалалық және аудандық басқармалардың, сондай-ақ полиция департаменттері тергеу басқармаларының бөлімшелерінде әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарды тергеу топтары құрылды. Олардың құрамына тергеуші әйелдер енгізілді.