Аshyq: Алматыда «қызыл» статусы бар 1500-ге жуық адам анықталды

Алматыда «Ashyq» арқылы «қызыл» статусы бар мың жарымға жуық тұрғын анықталды.

Тағы 370 тұрғын «сары» түспен белгілі болған. Олар фитнес орталықтары мен бассейндерге, моншаға, кинотеатрларға кіруге тырысқан. Коронавирус жұқтырған тұрғындар және олармен байланыста болғандардың көбі қоғамдық тамақтану орындарына барған. Ал әуежайда «қызыл» статус бар 90-ға жуық және «сары» статусы бар  20-дан аса адам өткісі келген.

Вакциналау паспорты Ashyq қосымшасымен біріктірілген. Сондықтан екпенің екі компонентін алған тұрғындар «жасыл» статусқа ие болады. Өткен тәулікте қалада қауіпті инфекцияны 299 адам жұқтырған. Алматы әлі де «қызыл аймақта» қалып отыр.

Қазіргі жағдайға байланысты дәрігерлер тұрғындарға өз денсаулығына салғырт қарамауға шақырады.

Сондай-ақ...