424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауа райы салдарынан 20-30 процент астықты жоғалтамыз

  • 296
  • UPD: 18:07, 07.07.2021
Ауа райы салдарынан 20-30 процент астықты жоғалтамыз

Еліміздің бірнеше өңірінде экстремалды қуаңшылық жағдай болжанып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазгидрометтің мәліметінше, осы айда Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Маңғыстау облыстарында жауын-шашын аз түсуі мүмкін. Құрғақ ауа-райы елдің солтүстік бөлігінде де болады. Мамандар жоғары ауа температурасы мен жауын-шашынның аз мөлшері астық түсіміне теріс әсер етуі мүмкін деп отыр.

Ерболат Мұқанов, «Қазгидромет» РМК басқарма басшысы:

– Құрғақшылық дәндi-дақылдарға да кері әсерін тигізеді. Қуаңшылық астықты алқапты ойсыратып тастауы әбден мүмкін. Ауа-райының салдарынан 20-30 процент астықты жоғалтамыз.

Хабар 24 телеарнасы