Ақтөбе облысында эпидемиологиялық жағдай нашарлады

Мамандардың айтуынша, тұрғындар қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңір қайтадан «қызыл» аймаққа енуі әбден мүмкін. Өткен аптада 370-тен астам адам вирус жұқтырған. Тек соңғы тәулікте 63 адам тіркелді. Індеттің үнділік «дельта» штамының анықталуы да дәрігерлерді алаңдатып отыр. Инфекциялық төсек-орын мен дәрі-дәрмек қоры әзірге жеткілікті. Вирустан сақтанудың ең тиімді жолы – вакцина алу екенін денсаулық сақтау басқармасы мен СЭС мамандары ескертіп жатыр. Соңғы күндері екпе алғандар саны екі есеге дейін өскен.

Мұхтар Сербаев, облыстық СЭБ департаменті басшысының орынбасары:

– Эпидемиологиялық жағдайдың өршуі байқалып отыр. Вакцина алуға шақырамыз. Арақашықтықты сақтау керек. Көп шоғырланған адам жиналған жерге мүмкіндігінше бармау қажет. Оның ішінде жасырын той, садақа сияқты халық көп жиналатын жерлерге бармаған дұрыс.