Шымкентте коронавирустан қайтыс болғандардың саны күрт көбейді

Шымкентте эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңір «қызыл» аймақта тұр. Қазір тұрғындардың 50 проценті екпе салдырды. Дегенмен ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін бұл жеткіліксіз. Кем дегенде 70 проценті вакцина салдыруы тиіс дейді мамандар. Қалада 43 вакциналау бекеті жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ 25 жылжымалы егу бекеті бар. Мыңнан астам инфекциялық төсек-орын дайын тұр. Соңғы тәулікте қауіпті вирус жұқтырғандар саны 127-ге артып, жалпы 14 мың адамға жетті. Жедел-жәрдем қызметін шақыртушылар саны да екі есе көбейіп, тәулігіне 2 мыңнан асты.  

Бақытжан Позилов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Дельта штамы анықталғалы бері бізде науқастардың саны күрт көбейіп отыр. Қайтыс болғандардың саны да артты. Осыған байланысты біз дереу қосымша төсек-орындарды аштық. Бүкіл мемлекеттік және жеке меншік емханалар жұмыс режимдерін күшейтті. Қазіргі таңда емханалардағы барлық мобильді бригадалар топтарын да күшейттік. Не үшін? Себебі ең басты мәселе осы коронавируспен байланыста болған адамдар 14 күн үйлерінде отыруы қажет.

Сондай-ақ...