Ақтөбеде толассыз жауыннан көшелер суға кетті

Ақтөбеде кешелі бері жаңбыр толастамай тұр.

Кейбір көшелерді су басып, көлік қозғалысы қиындады. Коммуналдық қызмет түннен бері қауырт жұмысқа кірісті. Әзірге нәтиже болмай тұр. Шаһарда суағардың аздығы да жағдайды қиындатты. Қала басшылығы биыл бұл мәселені шешу үшін жүз миллион теңге қаражат бөлінгенін айтты. Шамамен 3 шақырымға жуық  арық салынуы тиіс. Суға кеткен көшелер сорғы станциялары және арнайы көліктің көмегімен тазартылып жатыр. Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр әлі 2-3 күн жауады.

Жомарт Бақыткелді, Ақтөбе қалалық ТҮКШ Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Бас маманы:

Су жиналуы ықтимал 43 аумақ бар. биылғы таңда сол 43 аумақтың барлығына суағарлар орналастыру жоспарланған. Егер керек болып жатса қосымша техника жұмылдырамыз. Себебі қазіргі таңда бізде басқа да қосымша техника дайындық үстінде.