БҚО-да 301 адам ауыл әкіміне үміткер ретінде тіркелді

Аймақта саяси науқан 84 ауылда өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге 79 сайлау учаскесі дайындалды. Сайлау барысында санитарлық талаптар бақылауда болады. Комиссия мүшелері міндетті түрде ПТР тест тапсыруы немесе вакцина алуы қажет. Қазірдің өзінде біразы індетке қарсы екпе салдырып үлгерген. Елді мекендерде 300-ден астам мүгедек адам бар. Олардың да ешқандай кедергісіз дауыс беруіне қолайлы жағдай қарастырылады дейді комиссия төрағасы.

Саяси науқанға республикалық бюджеттен 240 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Ғайса Қапақов, облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы:

– Екі ауданда сайлау өтпейді, әкімдердің полномочиялары біткен жоқ. Ал қалған аудандарда полномочиясы біткен кісілердің сайлауы басталады. Енді ауыл болғасын шілде айында үлкен жұмыстар жүріп жатады. Егін, шабындық, мал бағу бар. Қырға шығып кеткендер бар. Солардың бәрі қалай қатысуға болады? Участок жоқ ауылдар бар. Оларды қалай алып келеміз сайлауға? Соның бәрін қазір шешіп қоюымыз керек.