Еліміздің барлық өңірінде шектеу шаралары күшейді – Алексей Цой

Коронавирус жұқтыру көрсеткіштерінің өсуіне байланысты еліміздің барлық өңірде шектеу шаралары күшейтілді.

Бұл туралы ведомствоаралық комиссия отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Соңғы 2 аптада Маңғыстау облысында Covid-19 инфекциясын жұқтыру 2,7 есеге, Ақтөбе облысында 2,1 есеге артқан. Вице-премьер Ералы Тоғжанов мұны аталған өңірлердегі вакциналау қарқынының төмендігімен байланыстырды. Мәселен, Маңғыстау облысында тиісті контингенттен халықтың небәрі 19,7%, Ақтөбе облысында – 31,4%, Батыс Қазақстан облысында 31,6% екпе салдырған. 

ВАК төрағасы халықты вакциналаудың пайдасы мен тиімділігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, әсіресе, Алматы, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында карантиндік режимді сақтауды бақылау жөніндегі мониторинг топтарының жұмыс белсенділігінің жеткіліксіз екені айтылды. Отырыс соңында Премьер-Министрдің орынбасары халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналаумен қамтуды ұлғайту қажеттігін тапсырды.

Сондай-ақ...