Қазақстанда оннан астам оңалту орталығы ашылады – Мәжіліс депутаты

Парламент депутаттары өңірлерді аралап, халықпен кездесу өткізіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін мәжілісмендер Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мәселесі қалай шешіліп жатқанын білу үшін «Қамқорлық» оңалту орталығына барды. Бұл мекеме жұмысын бастағанына жарты жыл болғанымен, 300 балаға ем-дом көрсетілген. Мұндай орталықтар Қазақстанның 8 өңірінде ашылған. Жыл соңына дейін тағы 10 нысан пайдалануға беріледі. Оңалту орталығының жай-күйімен танысқан мәжілісмендер инклюзивті қоғамды дамыту жайын тілге тиек етті. Қазақстанда 94 мың бала мүгедектігі бойынша тіркеуде тұр. Олардың барлығы жоғары кәсіби, заманауи және қолжетімді медициналық көмекке зәру.

Динара Закиева ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– 21 мың балаға оңалту ұйымдастырылады. Екіншіден, Нұр Отан партиясы сайлауалды бағдарламасының аясында 5 жылдың ішінде 15 үлкен оңалту орталығы салынады.