424,53 504.60 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорданың Құрметті азаматы атағын кімдер алды

  • 101
  • UPD: 23:57, 07.07.2021
Елорданың Құрметті азаматы атағын кімдер алды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында елорданың құрметті азаматы атағы кімдерге берілгенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Елорданың әрбір тұрғыны қаланың дамуына, оның қалыптасуына өз үлесін қосып келеді. Қаламыздың әрбір азаматы түрлі салада еңбек етіп жүр. Мұғалімдер, медицина қызметкерлері, тәртіп сақшылары, құрылысшылар, коммуналдық қызметкерлер немесе суретшілер, олардың қай-қайсысын алсақ та қоғамның дамуы үшін аянбай қызмет етіп жүр.

Мәслихат шешімімен елорданың Құрметті азаматы атағын белгілі кардиохирург Юрий Пя, сәулетші Сәрсембек Жүнісов, Еңбек ардагері Аусадық Әубеков алды.

Олардың әрқайсысының кәсіби жолы құрметке лайық. Мысалы, кардиохирург Юрий Пя адам өміріне араша түсіп, қаншама науқасты аман алып қалды. 2012 жылы Юрий Пя алғаш рет донорлық жүректі трансплантациялау операциясын жасады, ал 2016 жылы республикада алғаш рет ең күрделі операциялардың бірі болып саналатын өкпе трансплантациясын сәтті аяқтады. 2017 жылы оның басшылығымен алғаш рет халықаралық деңгейде жасанды жүрек имплантацияланды. Юрий Пя — ел мақтанышы, медициналық студенттер үшін үлгі.

Сәрсембек Жүнісов ұзақ жылдар бойы елорданы қалыптастыру бойынша жұмыс істеді: қаланың кешенді көлік схемасын, желекжол құрылысы жобасын әзірлеуге, сондай-ақ басқа да көптеген бастамаларды әзірлеуге белсенді қатысты. Сондай-ақ, қаланың инфрақұрылымын дамытуға және нысандарды салу процесіне Аусадық Әубеков белсенді қатысты», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы