Есілдің суы таза емес – эколог

Есілдің суы таза емес. Лас. Белгілі эколог осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, өзенге тұрмыста қолданылған суды ағызатын мекеме өкілі барлығы талапқа сай деп отыр. Кімдікі дұрыс?

Қорған Қонысбайұлы, тілші:

- Есілде шомылып көрдіңіз бе? Ия, бұл өзенге түспеген адам кем шығар. Жаз келсе болды, үлкені де, кішісі де Есілді жағалайды. Бір қарағанда көзге тұнық болып көрінгенмен мұның денсаулыққа зияны жоқ па? Яғни өзенді қауіпсіз деп айта аламыз ба?

Мына кадрлардан соң бірдеңе айтудың өзі артық па дедік. Шынымен жағдай осылай ма? Есілге не құйылып жатыр сонша? Сөйтсек өзенг, елордалықтар тұтынған тұрмыстық су ағызылады.

Фирюза Алдынгурова, «Астана су арнасы» МКК кәріздік тазарту құрылыстары мекемесінің жетекші инженер технологы:

- Бұл яғни, күнделікті пайдаланылатын жуынғанда, мысалы я болмаса, ыдыс аяқ жуғанда кір, сондай-ақ унитаз арқылы түсірілетін судың барлығы шаруашылықта, сондай-ақ қосымша өнеркәсіпте де қолданылатын, көлік жуғанда қолданылатын барлық сулар осында келіп түседі.

Жо. Жоқ. Жаңағы аталған су бірден Есілге құйыла салмайды. Қалалық тазарту мекемесінде сүзгіден өткізіледі. Тұрмыстық сумен бірге ағып келген қалдық, қоқыс, нәжісті мұндағы мамандар арнайы аппаратпен сүзіп алады. Су-4 кезеңдік тазартудан өтеді. Алғашқысы...

Фирюза Алдынгурова, «Астана су арнасы» МКК кәріздік тазарту құрылыстары мекемесінің жетекші инженер технологы:

- Алғашқысы механикалық тазарту одан кейін толық биологиялық тазарту одан соң қосымша сүзгіден өткіземіз, одан соң залалсыздандырылып, жаңағы вирус, бактериялардың барлығы жойылып, химиялық тұрғыдан қауіпсіз нормаларға сәйкес Есіл өзеніне шығарылады.

Тәулігіне бұл жерге тұрмыста қолданылған 236 мың текше метр лас су келіп түседі. Соның бәрін мұқият тазартып барып, әрі қарай Есілге ағызамыз дегенді жаңа маман айтты. Ал, белгілі эколог «өзен таза емес»,- дейді.

Шасалим Шагалимов, экобелсенді:

- Сынама жүргізу мақсатымен былтыр шілденің бірінде осы жерден су алдым. Сол күні менің су сыртымдағы тазарту станциясына осылайша, су жіберілген еді. Зертханада анықтай келе, сол судың құрамы химиялық тұрғыдан қауіпті болып шықты. Ал, мен қалалық тазарту мекемесінен ағызып жатқан судың құрамы барлық талапқа сәйкес деген жауап алдым. Бірақ көріп тұрсыздар, олай емес. Өзен лас.

Сонымен Есілге түсуге бола ма жоқ па? Су тазарту мекемесінің өкілі «қауіп жоқ» деді, ал эколог онымен келіспейді. Жауапты санитарлық сала маманынан сұрадық.

Альсия Қашкенова, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Есіл өзеніне түсіп, шомылу қаншалықты қауіпсіз? Нұр-Сұлтан қаласының экологиялық бақылау департаментімен 2021 жылдың 6 айында ашық су айдындарына жүргізілген мониторингтік санитарлық химиялық көрсеткіштерге алынған 27 су сынамасында түстілігі және оттегі көрсеткіштері бойынша нормативтік көрсеткіштерден асу анықталды. Ал, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық көрсеткіштерге алынған сынамалар нормативтерге сай. Сондықтан тұрғындар қауіптенбей суға шомылса болады.

Мына маңнан шамамен екі шақырым жерде жұрт суға түседі. «Сондықтан қауіп жоқ деген болмайды», - дейді эколог. Ұсынысы – алдағы уақытта тұрмыстық су тазартатын тағы бір мекеме салу. Себебі, бас қалада халық саны жыл сайын өсіп келеді.

Авторлары: Қорған Қонысбайұлы, Наурыз Базаров, Диас Қобыланбаев

Сондай-ақ...