Елімізде 35 мыңнан астам адам коронавирустан емделуде

8 шілдедегі мәлімет бойынша 35 554 адам коронавирус инфекциясынан (34 265 КВИ+ және 1 289 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 10 940 пациент стационарда, 24 614 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:

709 адамның жағдайы ауыр,

161 пациенттің жағдайы өте ауыр,

91 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.