Дубайдағы порттың бірінде жойқын жарылыс болды

Дубайдағы порттың бірінде жойқын жарылыс болып, арты өртке ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала мәліметтер бойынша жарылыс порт жанында зәкірге бекітілген кеменің бортында болған. Жарылыстың күші порттан 25 шақырым жерге дейін сезілген. Әзірге адам шығыны мен зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ. Жарылыстың неден болғаны да белгісіз. Жергілікті билік өрт толық бақылауға алынғанын хабарлайды. Қазір мамандар оқиғадан келген шығын мөлшері мен қоршаған ортаға келтірілген зиянды есептеп жатыр.

Сондай-ақ...