424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Әділет министрлігі: Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адам вакцина алуы міндетті

  • 133
  • UPD: 12:05, 08.07.2021
ҚР Әділет министрлігі: Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адам вакцина алуы міндетті

Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар вакцина алуы міндетті.

Денсаулық туралы кодекстің 85-бабы 4 және 8-тармақтарында осылай деп жазылған. Бұл Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр. Кодексте көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың бірі профилактикалық екпелер деп көрсетілген. Олардың қатарына коронавирусқа қарсы профилактикалық екпе де жатады. Бұл «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» деген конституциялық нормаға сәйкес келеді.

Хабар 24 телеарнасы