Алматы тауларында жоғалған қыз ауыр жағдайда табылды

Алатауда адасып кеткен алматылық әйел табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлия Камиеваны Республикалық жедел құтқару жасағы бүгін сағат 11-де Үлкен Алматы көлінің маңынан тапқан. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Оның жағдайы ауыр болғандықтан, таудан түсіруге тікұшақ жұмылдырылды. Оқиға болған жерге Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жіберіліп, алғашқы көмек көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік Әлия Камиева 5 шілде күні үйінен шығып кеткен. Ұялы телефонын да алмапты. Ал 7 шілдеде анасы дабыл қағып, құтқарушыларға хабарласқан.

Айта кетейік, Әлия 5 шілдеде таңертең БАО ауданына шыққан және өзімен телефоны болмаған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылардың ең көп саны жұмылған: Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, екі кинологиялық есеп, «109» құтқару қызметі, 75 ерікті.