Әділет министрлігі міндетті вакцинацияның ел Конституциясына қайшы еместігін түсіндірді

Міндетті вакцинация Конституцияға қарсы келмей ме?

Әділет министрлігі коронавирусқа қарсы екпе салудың құқықтық негіздерін айтып, ел Конституциясына қайшы еместігін түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство дерегінше, Денсаулық кодексінің 85-бабына сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпе алуы қажет. Онда профилактикалық екпе салу санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың бірі. Бұлардың қатарына 2020 жылдың 24 қыркүйегіндегі билік қаулысына сәйкес коронавирусқа қарсы екпе де енгізілген. Осылайша, Конституциялық нормаға сәйкес мемлекет адам өмірі мен денсаулығын қорғауды мақсат етіп отыр. Ата Заңның 39-бабында, адам құқы мен бостандығы азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектелуі мүмкін деп жазылған.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет министрлігі департаментінің директоры:

- Мәжбүрлеу деген сөз дұрыс емес, міндеттеу дұрыс болады. Өйткені біз дүкенге барамыз, ХҚКО-ға барамыз, кез келген қызмет көрсетуде қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек. Сол жағынан дүрыс болады.