Елордада шомылуға тыйым салынған 20 орын бар

Елордада мереке күндері 4 адам, оның ішінде 2 бала суға кетіп қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдайлар суға шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған учаскелерде тіркелген. Қазіргі уақытта жалпы саны 20 учаскесі бар қала акваториясында шомылуға тыйым салынған орындарды белгілеу туралы мәслихаттың жобасы қаралып жатыр. Жоба бекітілсе Алматы ауданында 7, Байқоңырда 4, Есіл ауданында 6 және Сарыарқа ауданындағы 3 аймаққа баруға болмайды.

Бұл туралы ТЖД Азаматтық қорғау басқарма бастығы Ратбек Демеуберген мәлімдеді. Сонымен қатар шомылуға тиым салынған жерлерде полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлері бірлесіп рейд жүргізіп жатыр.