Ақтөбеде екі күннен бері жауын-шашын толастамай, жұртты әбігерге салды

Ақтөбеде екі күннен бері жауын-шашын толастамай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн райының қолайсыздығы облыс орталығындағы жұртты әбігерге салып, қозғалысты қиындатып жіберді. Су басқан көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын арнайы техникалар үздіксіз тазартып жатқанымен, табиғаттың тосын мінез танытуы тыйылар емес.

Серік Дәулетов, қала әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бөлімі басшысы:

- Шанхай, 11-ші, 12-ші ықшам аудандарында жарықтың өшуі жиілеп кетті. Желдің салдарынан ағаштардың құлауы, жаңағы айтқан электр желілерінің үзілуіне алып келіп тұр. Кеше түнде басталды қалпына келтіру жұмыстары.