БҚО-дағы Сырым ауданы тұрғындарының 20%-і екпе салдырды

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында тұрғындарының 20%-і індетке қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал медицина қызметкерлерінің барлығы дерлік егілген. Енді білім беру саласының мамандарын қамтуға басымдық беріліп отыр. Педагогтардың көпшілігі өз еркімен ұжымдық иммунитет қалыптастыруды құп көреді. Ауданда диспансерлік есепке 2,5 мың адам тіркелген. Соның 400-ден астамы екпе алды. Қазір тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. 30-ға жуық мекемеде вакциналау орындары бар. Жыл басталғалы бері ауданда 165 адам індет жұқтырып алған. Қазір 20 шақты адам карантинде жатыр.

Роза Тахамбетова, Сырым аудандық орталық ауруханасының директоры:

- Күнделікті өзіміздің жоспарымыз бар. Сол жоспар бойынша осы вакцинацияны біздер ауданымызда 60%-ке аяқтау керек деп жоспар қойып отырмыз. Осы алдыңғы жұмада біз 200 адамды ектік. Күніне 40 адамнан егіп отырмыз.

Сондай-ақ...