Алматы облысында сел жүріп, саяжайдағы алты үй қирады

Алматы облысының Қарасай ауданында сел жүріп, саяжайдағы 6 үй қирады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«7 шілдеде сағат 21:39-да Алматы облысының ТЖД Қарасай ауданындағы Қырғауылды ауылынан жоғары орналасқан «Горный садовод» бау-бақша қоғамында су құбырының жарылу салдарынан лай балшық көшкені хабарланған. Зерделеу нәтижесі бойынша диаметрі 50 мм су құбырынан су ағып, салдарынан топырақ езілген. Кейін лай-балшық көшкені анықталды. Лай көшкін техногендік генезиске (адам әрекетінен ландшафттың өзгеруі) жатады», - делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиға салдарынан саяжайдағы 6 үй қираған, олардың 3-і қараусыз қалған. Тағы бір саяжай жартылай зардап шеккен. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

«Балшық массасының көлемі шамамен 50 мың текше метр, ұзындығы 200 метр, шамамен 310 метрге жылжыған, жалпы ұзындығы 510 метр, түсу орнынан ені 50 метр және соңына таман 7 метр, биіктігі 1-ден 7 метрге дейін жетті. Қазіргі уақытта аумақты тазарту жүргізіліп жатыр. Зардапты жою жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ №28237 әскери бөлімі, ТЖМ АШҚЖ, «Қазселденқорғау« ММ, Алматы қаласы Апаттар медицина орталығы, Алматы облысы полиция департаменті және жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмылдырылды», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ...