Елордада карантинге бағынбай жұмыс істейтін түнгі клубтар мен мейрамханалар тыйылмай тұр

Елордада карантин талаптарын елемей, жасырын түрде жұмыс істейтін түнгі клубтар мен мейрамханалар тыйылмай тұр.

Кеше түнде жүргізілген рейд барысында тағы бірнешеуі анықталды. Олар түнгі 00:00, 01:00-дің кезінде қонақ қабылдап, қызмет көрсеткен. Мобильді топ карантин талаптарын бұзған нысан иелеріне қарсы материалдарды жинап, жауапты органға жөнелтті. Рейд жұмыстары әлі де жалғасады. Жыл басынан бері карантин талаптарын бұзған 1200 дерек тіркелді. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті кәсіпкерлерге талапты қатаң сақтауды ескертеді. Мұны елемеген нысандарға айыппұл салумен қатар жауып тастауы да мүмкін.