Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы дайындап жатыр

Нұр-Сұлтанда бірқатар нысанның жұмысы тоқтатылуы мүмкін. Қаланың санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы дайындалып жатыр.

Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин 4-рет күшейтіліп, қосымша карантиндік шектеулер енгізілмек.

«Ashyq» жобасына енгізілген объектілердің жұмысын бақылау күшейтілді. Осылайша жабық жағажайлар мен аквапарктердің, оның ішінде бассейндер, серуендеуге арналған кеме қатынасы құралдарының, кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынады.

Түнгі клубтарға «Ashyq» жобасы жүрмейді. Әрі оның қызметіне де тыйым салынады. Жексенбіде қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Автобустар дезинфекциядан өтеді.