425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда карантин күшейтілді

  • 176
  • UPD: 20:13, 08.07.2021
Ақтауда карантин күшейтілді

Маңғыстауда жазғы алаңдардың қызметіне тыйым салынды. Өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес, енді мейрамхана, дәмхана, қоғамдық тамақтандыру нысандары санитария талаптарын сақтай отырып, келушілер санын 30 орыннан асырмау керек.

Жұмыс күндері сағат таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін рұқсат етілді. Ал «Ashyq» қосымшасын қолданбаған кәсіпкерлер сенбі, жексенбі күні мүлдем ашылмайды. Маңғыстауда өткен тәулікте 154 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Көрсеткіштің күрт өсуі өңір тұрғындарын иммундаудың төмен деңгейімен байланысты, дейді мамандар.

Аққу Айтжанова, МО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- «Ашық» жобасына кіргеннен бері бізде 488 кәсіпкер қатысып отыр. 488 кәсіпкердің жұмыс бастағалы келушілерді сканерлегеннің арқасында 61 қызыл статуспен және 28 сары статуспен кеушілер анықталды. «Ашықты» пайдаланбайтын субьектілер бойынша әр 2 апта сайын орталықтан кімде 0 сканер, кімде 20-дан төмен болды, әкімшілікке береміз. Олар мониторинг топ жібереді.

Хабар 24 телеарнасы