423,92 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында вакциналау мерзімі ұзартылды

  • 210
  • UPD: 23:48, 08.07.2021

Қарағанды облысындағы ірі кәсіпорын қызметкерлерін вакциналау мерзімі ұзартылды. Аймақтың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулы жариялады.

Енді өнеркәсіп жұмысшылары вакцинаның бірінші компонентін 1 тамызға дейін алуы керек. Ал шағын ұжымдар үшін мерзім бұрынғыдай 15 шілде шекті мерзім. 3 ай бұрын коронавируспен ауырған және медициналық рұқсат қағазы бар адамдарға екпе міндетті емес. Қаулы 10 шілдеден бастап күшіне енеді. Алдағы сенбіден бастап қонақүй бизнесі үшін де өзгерістер енгізіледі. «Ашық» жобасы арқылы номерлер тек 50 процентке толуы керек. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауға және қызметкерлердің қатысуымен өтетін кеңес өткізуге тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы