Нұр-Сұлтанда бірқатар нысан жұмысы уақытша тоқтатылады

Елордада карантин қайта күшейеді.

Қаланың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы алдағы дүйсенбіден бастап күшіне енеді. Елордадағы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты қосымша шектеулер енгізіледі. «Ashyq» жобасына енгізілген нысандар жұмысын бақылау күшейтілді. Жабық жағажайлар мен аквапарктердің, бассейндер мен серуендеуге арналған кеме қатынасы құралдарының және кинотеатрлар жұмысына тыйым салынады. Түнгі клубтарға «Ashyq» жобасы жүрмейді. Олардың қызметі тоқтатылған.

Жексенбіде қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустар дезинфекциядан өтеді.

Ғимарат ішіндегі тамақтану орындары жұмыс күндері таңғы жетіден кешкі сегізге дейін ашық болады. Олар 30 орыннан аспайтын шартты сақтауы тиіс. Демалыс күндері жабық болады.