423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маусымдық рекорд: БҚО-да ең ыстық ауа температурасы тіркелді

  • 248
  • UPD: 13:22, 09.07.2021
Маусымдық рекорд: БҚО-да ең ыстық ауа температурасы тіркелді

29 маусымда Батыс Қазақстанда ең ыстық ауа температурасы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы рет мұндай рекорд 30 жыл бұрын болған. Синоптиктердің айтуынша термометр бағаны кей аумақтарда 40-46 градусқа жеткен.

Бұл бір ғана рекорд емес, ел шығысында суық ауа массасының әсерінен жел екпіні секундына 33 метрге дейін жетті. Айдың басында Ақмола облысының Қорғалжын метеостансасы қатты жауынды тіркеді. Елордада 5 маусым күні 1971 жылғы ауа райы қайталанды. Бұл күнгі абсолютті минимум -1,5 градусқа жеткен. Ал 17 маусымда ең жоғарғы көрсеткіш 1988 жылғыдай +37,6 градусты көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы