Елімізде вакциналау паспортын сатқандар ұсталды

Елордада және Ақмола мен Алматы облыстарында вакциналау паспортын сатқан медицина қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілер жалған құжат рәсімдеп, екпе флакондарын жойып отырған.

«Осылайша бюджеттен бөлінген қаражат текке кетуде. Өйткені вакциналанбай екпе төлқұжатымен жүргендер айналасындағы адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді», – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіндегілер.

Айта кеткен жөн, жалған паспорт дайындағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ...