424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зайсан ауданында малдың жаппай қырылуы шындыққа жанаспайды – Республикалық комиссия

  • 128
  • UPD: 12:19, 09.07.2021
Зайсан ауданында малдың жаппай қырылуы шындыққа жанаспайды – Республикалық комиссия Agroqogam.kz

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында Зайсан ауданының Шілікті ауылдық округінде белгісіз індеттен мал қырылып жатыр деген ақпарат тағы да жариялана бастады.

ШҚО баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамды дүрліктірген ақпаратты тексеру мақсатында 27-28 маусымда ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаевтың төрағалығымен, облыстың ветеринарлық қызметі, аудан әкімдігі мен мал иелерінің қатысуымен Республикалық комиссия жұмыс істеді.

«Аталмыш Республикалық комиссия малдың «жұқпалы аурулардан жаппай қырылу» фактісінің жоқтығын тағы да растады.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін мамыр айының ортасында Шілікті ауылында тексеру жүргізіліп, 25 маусымда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпараттарды теріске шығарып, Шығыс Қазақстан облысында аса қауіпті аурудан мал қырылып жатыр деген ақпарат жалған және ондай дерек мүлде тіркелмегені айтылды», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы