Ұлытаудағы өрт толық сөндірілді

Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы алапат өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті төтенше жағдай қызметі хабарлады. Бірнеше жерде тұтанған дала өрті елді әбден әбігерге салды. Тілсіз жаудан жайылым жерлер жойылып, мал қырылды. Шаруашылықтардың 40 мың гектардан астам алқабы және бір қожалықтың 200-дей малы өртеніп кетті. Мамандардың айтуынша, өрттің сөнуіне ауа райы да сеп болған. Жалпы дала апатына 540 адам мен 70 шақты техника жұмылдырылды.