Жамбылдық шаруа: Мал азығы қымбат, сондықтан сүт өнімдерін шығару тиімсіз

Жамбыл облысында шөптің шығуы өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға төмен.

Бұған жауын-шашынның аз түсуі себеп болып отыр. Малға 1 миллион 700 мың тоннадан астам азық дайындау қажет. Олардың тек жартысы жиналды. Шаруалар өңірде жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаттары Гүлдар Нұрымова мен Мейрамбек Төлепбергенге өз мәселелерін жеткізді. Депутаттар Жамбыл ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің жұмысымен танысты. Мұнда 350-ге жуық бас мал бар, сүт өнімдерінің 10 түрі өндіріледі. Шаруа өнімімен жергілікті базарларды қамтамасыз етеді, ал құртты Нұр-Сұлтан мен Қызылордаға жеткізеді. Шаруалар техниканың жеткілікті екенін, тек мал азығымен қиындықтар туындап отырғанын жеткізді. Депутаттар Қордай ауданын да аралап, тұрғындар көтерген газдандыру, сумен жабдықтау және ауыл шаруашылығындағы мәселелерді тыңдады.

Мейрамбек Төлепберген, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Ел-жұрт Мойынқұм ауданы газ тартылғанды қалайды, Сарысу ауданының тұсындағылар да тезірек болса деп үміттенуде. Сонымен бірге республика бойынша Тараздан – Нұр-Сұлтан қаласына шығатын жол бар. Сол жөнделсе деген ұсыныс бар. Бүгінгі келіп жатқан шаруа да – Тараз қаласының бір бөлігін етпен, сүтпен қамтамасыз етіп отқан шаруашылық иесі. Біздің мақсатымыз – осындай азвматтарға мемлекеттік қолдауды одан әрі жандандыру. 

Андрей Тимофеев, шаруашылық иесі:

– Мал азығы биыл қымбаттап тұр, сондықтан сүт өнімдерін шығару тиімсіз. Шынын айтқанда, шығынға ұшырап жатырмыз. Қыста не болатынын білмейміз. Бұрын шөпті толтырып алатынмын осындай уақытта. Қазір бар болғаны 1 айға жетеді. Тек биыл жүгері жақсы шықты. Бар үмітіміз сол ғана. Депутаттарға мәселені көтердік, нәтиже күтеміз.