424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Партиялық емес байқау орталығы жұмысын бастады. Олар немен айналысады?

  • 259
  • UPD: 15:25, 09.07.2021
Партиялық емес байқау орталығы жұмысын бастады. Олар немен айналысады?

Елордада партиялық емес байқау орталығы жұмысын бастады. Елдің барлық өңірінде өкілдіктерін ашып, әділет органында ресми тіркеуден өтті. Бұған дейін байқаушылар тобы тек шартты түрде жұмыс істеген.

Айталық, жыл басында өткен Мәжіліс сайлауында Кәсіподақтар федерациясы мен Азаматтық альянсы қауымдастығы атынан қатысты. Яғни арнайы қоғамдық ұйым ретінде ресми тіркеуі болмады. Енді олқылықтың орны толды. Ел бойынша 700-ден астам ауыл әкімі сайлауының әділ әрі ашық өтуін сырттай бақылайды. Орталық өкілдері бұл қатарға 1600-ден астам белсенді азаматты қосып, оларды оқытудан өткізбек. Сосын ұзақ және қысқа мерзімді байқау миссиясымен сайлау учаскелеріне жібереді.

 

Хабар 24 телеарнасы