Шымкентте бірнеше аудан жарықсыз қалды

Шымкентте қазір бірнеше шағын аудан жарықсыз отыр.

Себебі «Жылу электр орталығы» жұмысын уақытша тоқтатты. Ондағы энергия өндіруге қажетті газ таусылып қалған. «Шымкент 4» газ тарату станциясында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталып, көгілдір отын жеткізуді тоқтатқан. Аптап ыстық кезінде электр жарығынсыз қалған тұрғындар наразылық білдіруде. Қала билігі бұл мәселені көп ұзамай шешетіндерін айтты. Газ тарату бекетіндегі жоспарлы жөндеу жұмысын жеделдетіп аяқтауға тырысып жатыр. 

Жансерік Ерботаев, «3-Энергоорталық» АҚ бас инженері:

– «КазТрансГаз» өздерінің жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты аймақ газды тоқтатты, сол себепті біз станцияның жұмысын тоқтаттық.