Ауыл әкімін сайлау: Ақмола облысында 300-ден астам кандидат тіркелді

Ақмола облысында әкімдік қызметтен үмітті 300-ден астам кандидат тіркелді.

95 ауыл басшысын халық сайлайтын болса, бір орынға 3 үміткерден келіп отыр. Олардың  217-сі өзін өзі ұсынғандар. Қалғандары саяси партиялардың атынан қатысады. Сайлау аймақтағы 200-ден астам елді мекенде өтеді. 100 мыңға жуық сайлаушы қатысады деп жоспарланып отыр. Қазір  сайлауға қызу дайындық жүріп жатыр. Комиссия мүшелері арнайы крустан өтіп, учаскелер әзірленуде.

Манарбек Сәдуов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Конституцияда сайлау туралы Заң бар ғой. Сол Заңға өзгерістер енгізді. Енді бұрындары кандидаттар болған кезде міндетті түрде біреуге ғана дауыс беру керек болса, енді қазір «бәріне қарсымын» деген бағана енгізілді. Заң өте көп. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Соны біздің сайлау комиссиялары білу керек.