Жемқорлық саны азайған – М.Ахметжанов

Елімізде соңғы алты айда парақорлық саны 35 процентке, яғни 1540-тан 1005-ке дейін азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде белгілі болды. 700-ге жуық адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 61-і республикалық және облыстық деңгейдегі басшылар – 1 вице-министр мен 3 судья. Сондай-ақ 7 өңірлік әкім мен орынбасарлары әшкереленді. Қазіргі кезде белгіленген залалдың 15 млрд теңгесі өтелді. Агенттік төрағасы Марат Ахметжановтың айтуынша, бизнес істеріне заңсыз араласудың 60 жағдайы, көлеңкелі экономика субъектілеріне қамқорлық жасаудың 45 және жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 61 фактісі анықталды.