424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мақтааралда 21 заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматы анықталды

  • 97
  • UPD: 16:51, 09.07.2021
Мақтааралда 21 заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматы анықталды

Түркістан облысында «Заңсыз келуші-2021» іс-шарасы өткізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айының 5-12 күндері аралығында республика көлемінде «Заңсыз келуші-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса, заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына келу, Қазақстан Республикасында болу, Қазақстан Республикасынан кету ережелерін сақтау болып табылады.

Аталған шара барысында Мақтаарал АПБ-ның көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері Мақтаарал ауданында жалпы 21 заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматын анықтап, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жұмыс беруші ҚР 2 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша хаттама түзілді.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы