Есіл жағалауы тазартылып жатыр

Есілдің көркі кіріп, жағалауы тазарып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ Ақбұлақ және Сарыбұлақ су айдынын да тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері жалпы ұзындығы 54 000 метрдің бойынан 3 120 құдық тексеріліп, оған заңсыз қосылған 114 жағдай анықталды. Оның ішінде 1,5 млн теңгеден асатын сомаға 114 ескерту беріліп, 119 айыппұл салынды.

Елорданың коммуналдық қызметтері Есіл өзені мен Ақбұлақ және Сарыбұлақ су айдынын тазартып жатыр. Олар ұзындығы 19 мың метрден астам коллекторды жуып, 1 723 құдықты тазартып, 918 тонна лай шығарды.

Жігер Саттарова, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы:

- Есіл өзенінің аумағында, сондай-ақ оның салалары – Ақбұлақ және Сарыбұлақ арналарының айдынын, жағасын тазарту жұмысы тұрақты түрде жүргізілуде. Бригада жұмысшылары түрлі қоқыстардан, артық өсімдіктерден тазартады.

Татьяна Смолкова, «Астана су арнасы» МКК сорғы-сүзу станциясының жетекші инженер-технологы:

- «Астана су арнасы» МКК сорғы-сүзу станциясы Экология департаментінен эмиссияға және бассейндік инспекциясының рұқсаты бойынша Ақбұлақ өзеніне шайынды су ағызады. Суды ағызу белгіленген норматив бойынша жүргізіледі. Маусым айында Экология департаменті су сынамаларын жүргізіп, жоспардан тыс тексерді, оның негізінде белгіленген нормадан асып кету анықталған жоқ.

«Ақбұлақ өзеніне ағызылған шайынды су адам өміріне қауіп төндірмейді», - дейді мамандар.«Астана су арнасы» 10 күн сайын ағызылатын судың сапасына қатаң бақылау жүргізеді.

Фируза Алдынғұрова, «Астана су арнасы» МКК бас инженер-технологы:

- «Астана су арнасы» МКК кәріз-тазарту құрылғылары Көктал және Талапкер тұрғын алаптарының арасында, яғни Есіл өзенінің қаладан тыс ағысына қарай ағызылады. Ал тазартылған судың сапасы нормативке сәйкес келеді.

Сондай-ақ нөсер кәрізін тазарту үшін «Elorda Eco System» кәсіпорнынан күн сайын 25-тен астам арнайы техника мен 80-ге жуық жол жұмысшы жұмылдырылады.

Авторы: Наргиз Бекмағанбетова