Биыл жарты жылда 458 878 отбасына біржолғы жәрдемақы аударылды

Елімізде бюджет қаражаты есебінен бала тууға 110 846 теңгеден 183 771 теңгеге дейін біржолғы жәрдемақы алуға кепілдік береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен 2020 жылы осы мақсаттағы 52,3 млрд теңге сомасы 430 мыңнан астам адамға төленді. Ал биылғы жылы жәрдемақының бұл түріне 51,4 млрд теңге қарастырылған, 6 айда оны 186 мыңнан астам адам алды. Яғни, 24,6 млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов айтты.

Биыл сондай-ақ көп балалы отбасыларға 26 млрд теңге жәрдемақы қарастырылған. Департамент директорының айтуынша, биыл төлемнің мөлшері бала санына қарай төленеді.  Бұдан бөлек, мемлекеттік бюджеттен мүгедектігі бар балаларға бірқатар көмек көрсетіледі.