423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл елімізде құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін

  • 163
  • UPD: 20:12, 09.07.2021
Биыл елімізде құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Елімізде жауын-шашын мөлшері аз түсетін болса, төтенше жағдай режимі енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бұл жекелеген өңірлерде ғана болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде айтылды. Дегенмен, синоптиктер шілдеде жауын-шашын шамаға сай жауатынын болжап отыр. Биыл батыс және оңтүстік өңірлер қуаңшылық зардабын көп көрді. Әсіресе, Маңғыстау және Қызылорда облысындағы жағдай нашар. 1600-ден аса мал қырылды. Батыс аймақтарда әлі де құрғақшылық күтіледі. Бірақ құзырлы ведомство өкілдері күн райына үміт артып, әліптің артын күтеді.

Марат Оразаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы:

- Ел көлемінде жоқ, жаңа ғана біз айтып өттік. 1639 бас мал шығыны болса, ол тек қана екі өңірге тиесілі. Басқа өңірлерде мал азығы жетпей немесе басқа жағдаймен шығын болған мал жоқ, сол себепті ондай мәселені қарау орынсыз.

Хабар 24 телеарнасы