СҚО-да күн суытып, жел екпіні күшейді

Елде күн қырық құбылып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазгидромет» мамандары «өткен айда батыс өңірде рекорд тіркелді», дейді. Орал жақта термометр бағамы 42 градусқа дейін көтерілген. Мұндай ыстық аймақта соңғы рет осыдан 6 жыл бұрын болған екен. Аптап Атыраудың да апшысын қуырып жіберген. 43 градусқа дейін ыстық болыпты. Тіпті Қаратөбе дейтін жерде сынап бағанасы 46 градусқа дейін көтерілген. Ал солтүстікте керісінше, күн суытып, желдің екпіні күшейген. Секундына 33 метрге дейін соғыпты. Бұршақ жауған өңірлер бар.

Сондай-ақ...