Елордадағы Нұржол бульварында «Жүрек жылуы» атты арт-нысан орнатылды

Нұржол бульварында «Жүрек жылуы» атты арт-нысан орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны «Мейірім шуағы» акция қатысушылары өз қолымен тоқып, қала тұрғындарына сыйға тартты.

Тоқылған жүрек пандемияда тынбай еңбек еткен дәрігерлерге арналған. Жобаға 70-ке жуық қолөнер шебері атсалысқан.

Рахима Мұқышева, «Bergen» әлеуметтік шеберхана жетекшісі:

- Бұл жүректі жасыл түспен жасағымыз келді. Себебі қазір өңірлер коронавирустың таралу қарқыны бойынша түрлі аймақтарға бөлінеді. Еліміз тек «жасыл аймақта» болғанын қалаймыз.