Алматыда 400 мың жалған АҚШ долларын жасырғандар ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған шетелдік валюта жасырғандарды ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыда қылмыстық ортаның «беделдісі» ұсталып, одан криминалдық айналымға арналған жалған 400 мың АҚШ доллары табылды. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыскер айыбын мойындады. Оған Ақтөбе қаласындағы кәсіпкердің көлігі мен жер телімін заңсыз иемдену фактісі бойынша да айып тағылды.