Қапшағайда кәсіпкерлер «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеуге асықпайды

Қапшағайда кәсіпкерлер «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеуге асығар емес.

Мәселен, жағалауда 126 демалыс базасы болса, соның 9-ы ғана аталған жобаның QR-кодын алған. Қалғандары бұл талапқа бей-жай қарап отыр. Жағдай осылай жалғаса берсе, демалыс орындарына қойылатын талап қатаңдатылуы мүмкін. Шіліңгір шілденің ыстығында Қапшағайға ағылып жатқан демалушы көп. Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы тиіс, дейді мамандар.

Алмагүл Қамбарова, Қапшағай қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры: 

- «Ashyq» жобасының QR-кодын алуға  тағы 5 демалыс орыны өтініш берді. Онда баратын әр демалушы смартфонына орнатылған арнайы қосымша арқылы тексерілуге міндетті. Смартфоны болмаса демалыс базасының әкімшілігі немесе күзет қызметі кезекші смартфон арқылы тексерілуге көмектеседі. Сары мен қызыл түс анықталған жағдайда олар жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық қызметттерге хабар береді. Дегенмен, Қапшағайға келушілер арасында ондай адамдар әлі анықталған жоқ.