Аймақтардың «түсіне» қатысты ахуал өзгеріссіз қалды

Вирустың таралу қарқыны бойынша қазір еліміздегі жеті облыс «қызыл аймақта». Бұл тізімде  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бар.

Өңірлерге келсек, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарын эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы «қызыл аймаққа» жатқызды. «Сары аймақ» санатына Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары жатса, Түркістан мен Шығыс Қазақстан «жасыл аймақта».