Алматыда сел қаупі сейілген жоқ

Алматы тауларындағы мұздық көлдерге әуеден шолу жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы тауларындағы мореналдық көлдердің жағдайын жан-жақты бағалау мақсатында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі мен Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті аэровизуалды тексеру жүргізді. Жалпы Алматы қаласының аумағында барлығы 45 морена көлі бар, оның ішінде 12 көл аса қауіпті болып саналады. Тексеру нәтижелері бойынша температуралық фонның көтерілуіне байланысты мұздықтарда қардың еруі анықталды, олар қардан шамамен 25-75%-ке босатылды. Барлық мореналдық көлдер толтыру режимінде, су деңгейі қауіпті көрсеткіштерге жетпеген, мұздықтардың қарқынды абляциясы байқалмайды. Қазіргі уақытта 8 көлде алдын алу жұмыстары басталды, эвакуациялық арналарды тазарту, оны тереңдету, сифон құбырларын орнату және монтаждау жүргізілуде. Сондай-ақ сорғы қондырғылары іске қосылды, белгіленген 9 сифон желісі бойынша су ағызылып, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ әуе борттарымен көлдерге өнімділігі жоғары полиэтилен құбырларының сорғыларын жеткізу қамтамасыз етілді. Алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін 90 адам жұмылдырылды. Мореналдық көлдердің жай-күйіне бақылау жүргізу үшін тұрақты негізде жұмыс істейтін 22 гидрометеорологиялық бекет бар. Бүгінгі таңда су бұлдырлығы байқалмайды. Температуралық фонның көтерілуіне байланысты мореналық көлдерді аэровизуалды тексеру аптасына 2 рет жүргізіледі.