Отандық вакцинаны шығаратын зауыт қыркүйекте іске қосылады

Отандық вакцина шығаратын зауыт қыркүйек айында іске қосылады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді.

Кешен айына 600 мың доза екпе дайындауға қауқарлы болады. Алдымен ішкі нарықты қамтиды. Кейін «QazVac»-ты сыртқа экспорттау көзделген.