424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токиода Олимпиада ойындарына қарсы наразылық шарасы өтті

  • 126
  • UPD: 20:52, 10.07.2021

Ереуілшілер Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах тоқтаған қонақ үйдің жанына жиналды.

Олар науқастар саны көбейіп жатқанда спорттық жарыстар өткізу қисынсыз деп ұрандатты. Осының алдында ғана жапон үкіметі Токиода төтенше жағдай жариялаған болатын. Олимпиада ойындары 23 шілдеден 8 тамызға дейін созылады. Токио мен шектес префектуралардағы ойындар көрерменсіз өтеді. 

Аяко Йошида, ереуілші:

– Олимпиаданы өткізудің түк қажеті жоқ. Біз онсыз да коронавирус пен шектеу шараларынан қатты зардап шектік. Бірақ біздегі ауыр жағдай Олимпиада ұйымдастырушыларын толғандырмайтын сияқты.

ИСПАНИЯЛЫҚ ТҰРҒЫНДАР ЖАҒАЖАЙДА КӨҢІЛ КӨТЕРІП ЖҮР

Испания тұрғындары қала жағажайларында ойын-сауық ұйымдастырды. Ковид шектеулеріне байланысты қазір көңіл көтеру орындары жабық. Бірақ сауықшыл қауымға бұл кедергі емес. Олар қашықтық сақтау талабын бұзып, арақ-шарап ішіп, көшеде жинала бастады. Тәртіп бұзғандарды полиция күшпен таратты.

 

Хабар 24 телеарнасы