424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаттары Атырау облысындағы мәселермен танысты

  • 121
  • UPD: 22:42, 10.07.2021
Мәжіліс депутаттары Атырау облысындағы мәселермен танысты

Парламент Мәжілісінің депутаттары Дүйсенбай Тұрғанов пен Нұрлыбек Ожаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Исатай ауданына арнайы ат басын бұрған халық қалаулылары тұрғындармен жүздесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Исатайлықтарды экология алаңдатады. Қазір аудан үшін көгалдандыру жұмыстарын қаржыландыру мәселесі өзекті. Су тапшылығы да өңірдің ауыл шаруашылығы саласын тұралатып тастаған. Мәжіліс депутаттары бұл түйткілдің уақытылы шешілуі үшін күш салатындарын жеткізді. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі салдарынан туындаған қиындықтар төңірегінде де сөз қозғалды. Мәжіліс депутаттары Атырау-Астрахань тас жолының құрылысымен танысты. 2022 жылдың соңына дейін тапсырылуы тиіс күре жолдың 50% бөлігі аяқталған.

Нұрлыбек Ожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Исатай ауданында қалыптасқан ауылшаруашылығы төңірегіндегі қазір кездесіп жатқан қиыншылықтар мен қолбайлау болып отырған кедергілер, экология саласы бойынша да осындай мәселелердің барын тұрғындар жеткізіп жатыр. Мал шаруашылығын дамытуға қажетті су көздерінің тапшылығы, Каспий теңізіндегі соңғы жылдары қалыптасқан экологиялық кейбір көріністерге қобалжуларын білдіріп жатыр. Бұл мәселені өзінің тиісті инстанциялары арқылы бақылауда ұстайтынымды білдіргім келеді.

Хабар 24 телеарнасы